"Күлше қыз": Ерке Есмахан мен AZ фанаттарын күлдірді
Азамат Зенкаев желіге Ерке Есмаханмен түскен кезекті видеосын жүктеп, қызу талқыға түсті. Бейнежазбада қос ғашық ханшайым мен ханзаданың кейпінде шыққан, деп жазады Stan.kz.
Басына тәж, нағыз ханшайымдардікіндей көйлек киген Ерке дәл ертегідегі Күлше қыз сияқты туфлиін жоғалтып алады. Алайда хикаяның соңында ел күткен "хэппи енд" болмайды. Ханзада АZ аяқ киімді иіскеп, лақтыра салады.
"Аяқтарыңды жуып жүріңдер", – деп әзіл жазба қалдырды рэпер. Желі оқырмандары күлкіге қарық болды.
"Бәрі әдемі басталып еді", "Сондай әдемісіздер, бақытты болыңдар. Күлкілі жағдай, әрине. Бірақ сіздердің сұлулықтарыңыз бәрін жауып тұр", "Ең күшті жұп", "Күлше қызды түсірген түрлерін-ай", "Нағыз махаббат", – деп жазды оқырмандар.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар