AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кез келген қызды бұза салады": Серік Ибрагимов ажырасудың неге апаратынын айтты

Серік Ибрагимов екі жастың арасына туған-туыстың түсуі себебінен ажырасудың көбейгенін айтып қынжылды. Әнші сырт көзге оңай көрінгенімен, екі жастың екіге кетуінен қоғамға үлкен зиян тиетінін жеткізді. Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Көбінесе көмектесеміз деп, ата-ана, аға-бауыр кіріскеннен ажырасу көбейіп кеткен сияқты. Кез келген адам бір-бірін біліп үйленеді. Үйленер кезде ойланып, шешім қабылдау керек. Бір-бірімен түсініспейтіндей жағдайлар сирек болады", – деді әнші.

Ибрагимовтің айтуынша, екі жас отбасын сақтап қалуға барынша тырысу керек. “Ең ақырғы нүкте – ажырасу” деген өнер иесі ажырасудың артында қандай залал тұрғанын айтты.

"Екеуінің мінезі де қырсық, ажырасып кетті делік. Ортада бала бар. Бала қалды, бір жетім қалды. Психологиялық тұрғыдан балада травма қалады. Не әке, не шеше жоқ. Қанша жерден әлеуметтік көмек төле, оның махаббаты толыққанды емес. Одан кейін не болады? Үйленуге сенімсіз жігіт ертең кезкелген қызды бұза салады. Ал әйел өзін жібере салады, басқа жолға кетіп қалуы мүмкін. Ақылы болса, басқаша істеуі мүмкін", – деген Серік айналып келгенде көп нәрсенің тәрбиеден бастау алатынын атап өтті.



Әншінің айтуынша, толық емес отбасында өсіп, әке-шешесінің махаббатына қанбаған бала ертеңгі күні өзінің де ұрпағына дұрыс тәрбие бере алмауы мүмкін. 

"Ертең олар үлкейеді, өседі, ақыл айтатын жасқа келеді. Не деп ақыл айтады? Өзінің тәжірибесін айтады. Ал өзінің тәжірибесі өзінің мінезінен болған дүние. Ақыл айтпас бұрын ол бірінші өзін дұрыстауы керек еді. 
Оның бәрі тәрбиеге байланысты. Бір-бірін танып, білу керек. Кім қай жерде тоқтай алады, алмайды? Ең бірінші, тәрбие үйден, әке-шешеден басталады. Сол үшін тәрбиені нық ұстау керек. Ұлды қатты тәрбиелеу керек. Ал қызға "ажырасып келсең, үйге кіргізбеймін, сен менің қызым емессің" деу керек. Бұл сөз осы уақытқа дейін қаншама отбасын сақтап келді", – дейді Серік.

Серіктің өзі көпбалалы отбасынан шыққан. Әнші жеті баланың бесіншісі. Бұл орайда ол өзінің отбасы жайлы әңгімеледі. 

"Анам үйде, әкем жұмыста болды. Белгілі бір мамандық иесі емес, күріш еккен, өнерден кетәрі емес. Ән айтады, той басқарады. Нағашы жақтан өнерлі адамдар бар. Үш әпкем, ағам, екі қарындасым бар. Барлығының отбасы бар.

Ата-анам: "Адал бол. Шыққан жеріңді ұмытпа. Қарапайым еңбек – бәрін жеңбек. Ешкімнің ала жібін аттама", – деп өсірді. "Әкеңе айтам" дегенмен өстік. 

Өзім де баланы қатты тәрбиелеймін. Қамшы туралы көп айтамын. Хамзаны 8 айлық кезінен атқа мінгіземін. 

Атты қамшымен ұрамын. Сонда қамшыны көрсетіп: "Бұзық болсаң, сені ұрамын", – деймін. Әлі күнге дейін әкемді қатты құрметтеймін, шамам келгенше айтқанын екі етпеуге тырысамын. Әкемнің маған берген тәрбиесін балама беріп жатырмын. Қазір Айнамкөз "папаң" деп қорқытады", – дейді Серік. 

Айта кетейік, әнші осы сұхбатында жары Айнамкөзбен таныстығы, оның асыл қасиеттері туралы айтқан болатын.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр