Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ерке, қырсық": Серік Ибрагимов жұбайына не үшін ғашық болғанын айтты

Серік Ибрагимов жұбайы Айнамкөзбен таныстығы, оның бойындағы жақсылы-жаман қасиеттері, балаларға беретін тәрбиесі жайлы айтты. Ол Тимур Балымбетовке сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Серіктің айтуынша, жары Айнамкөз өнерден құр алақан емес. 9 жылдай бимен айналысқан. Бүгінде жарты миллионға жуық оқырманы бар блогер. Екеуі үйленбес бұрын 4-5 жылдай қыз-жігіт болып кездескен. 
Айнамкөз әлі халыққа танылмаған, ауылдан шыққан қарапайым Серікті жақсы біледі.

"Содан кейін отбасын құрдық. Ауылдан шыққан, консерваторияны бітірген Серік деп білді. Әлбетте саралап, бір-бірімізді түсініп, әке-шешеміздің алдынан өтіп, бас қостық", – деді Ибрагимов.

Алғашқыда Айнамкөзге ғашық болған Серік оны қарату үшін барынша "романтик" болуға тырысқанын айтады. Ақырында діттегеніне жеткен. Бұл орайда ол жарының қандай қасиеттеріне ғашық болғанын әңгімеледі. 



"Айнамкөз өзім сияқты мінезі бар, тік, еркелеу қырсық, бірақ өте ақылды, кемшілігіңді, дұрысын-бұрысын бетке айтады, жасыру деген жоқ. Қайсарлығымен баурап, ғашық етіп алды. Ақ-қарасын ажырата алады. Сондай жағы баурап алды. Өмірлік іздеген жарым деп соған тоқтадым", – дейді Серік.

Серік пен Айнамкөздің 1 ұл, 1 қызы бар. Үйдің кенжесі Рабиа биыл дүниеге келген. Ал тұңғышы Хамза 4 жаста. Болашақта әке жолын қууы мүмкін. Кішкентай Хамза балабақшада ән айтып, өзін қалалық деңгейде мойындатып үлгерген. 

"Слух бар. Алматы бойынша, балабақшалардың арасында байқауға қатысып, бірінші орын алды. Басында онша мән бермедім. Фонограмма жаздырмаймын дедім.  Жанды дауыста айтты. Бірақ Серік Ибрагимовтің баласы деп айтпай-ақ қойыңыздар дедім. Кейін өзім қуанып қалдым", – деді Серік.

Талқылау