Тамағына пышақ тақап қорқытқан: Алматы полицейлері жас әйелге шабуыл жасаған қаскүнемнің жолын кесті
Алматы полицейлері жас әйелге пышақпен қауіп төндіріп, қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, күдікті көшеде қыздың соңынан түсіп, оның пәтеріне баса-көктеп кірген. Үйде ешкім жоқ болған.
"Ер адам пышақпен қорқытып, жәбірленушіге қарақшылық шабуыл жасаған, ол жәбірленушіден құнды заттары мен жинақ ақшасын беруді талап еткен. Алайда патрульдік полицейлер мен көршінің полицияға дер кезінде хабар беруі қаскөйдің қылмыстық жоспарларын бұзды. Ол қамауға алынды. Қылмыстық іс Бостандық аудандық Полиция басқармасында тергелуде. Оқиға орнынан заттай айғақтар алынып, іс материалдарына тіркелді", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме