Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәліптер ұзақ уақыт қарсылық көрсеткен Панджшер елді мекенін басып алды

"Талибан"* радикалды қозғалысы Ауғанстанның Панджшер провинциясын бақылауға алды. Бұл туралы Түркияның Yeni Safak газеті аймақтағы тілшісіне сілтеме жасай отырып жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Панджашер

Тәліптер Ауғанстанды толық басып алғандығын тойлауды бастап кеткендігі айтылады. ТАСС ақпарат көзінің хабарлауынша, Талибан басшысы Ахундзада Ауғанстанның жоғарғы басшысы болады, ал Мохаммад Хасан премьер-министр болып тағайындалуы мүмкін.

Тәліптердің Панджшерге басып кіруі

"Талибанның" бұл елді мекенге шабуылы қарсылық майданының жетекшісі Ахмад Масудпен келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін 2-3 қыркүйекте басталды. Ол лаңкестерден Ауғанстанның жаңа үкіметінің барлық шешімдерін Панджшер көтерілісшілерімен үйлестіруді, сондай-ақ қару-жарақтарын сақтауға рұқсат беруді талап еткен.

Тәліптер келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін әскери техниканың ең үлкен күшін Панджшерге бағыттайтынын айтқан. Лаңкестік ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл соққы Қарсыласу майданымен қақтығыстың соңғы нүктесін қою керек болған.

"Талибан" бұл алқапқа үш бағытта шабуыл жасағаны атап өтілді: Шотол аймағында, сондай-ақ Хавак пен Анджуман асуларында, алайда содырлардың түнгі шабуылы сәтсіз аяқталды. Осыдан кейін тәліптер бірнеше ауданды жоғалтты деген ақпарат пайда болды. Қарсыласушылармен шайқаста жоғалған аумақтардың ішінде Каписа провинциясындағы Хеза Аввал, Хеза Доввом және Кох Банд аудандары, Парван провинциясындағы Сайед Хел, Чарикар және Джабал ас-Сарад аудандары бар. Бадахшан провинциясында да көтеріліс басталып, содырлар бірнеше ауданды тастап кетуге мәжбүр болған.

3 қыркүйек, жұма күні тәліптер Панжшерді өз бақылауына алғанын хабарлады. Олар қарсылық майданының құлауының құрметіне отшашу ұйымдастырған.

Қарсы жақтың өкімі

Ауғанстандағы Панджшер көтерілісшілер майданының өкілдері "Талибан" провинциясын басып алды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Көтерілісшілерді қолдайтын елдің бұрынғы вице-президенті Амрулла Салех Панджшердегі шайқастар жалғасып жатқанын, қазір қарсыластық күшейгенін айтты.

Салех өзінің Панджшер шатқалындағы базада екенін айтты. Ол Ауғанстанның әскери қолбасшыларымен және саяси жетекшілерімен бірнеше кездесулер өткізген. Ол сонымен қатар Пәкістанды лаңкестік қозғалыстың содырларын қолдайды деп айыптады. 

"Бұл айтары жоқ қиын жағдай. Біз әдеттегідей Пәкістан қолдауын көрсететін "Талибан" мен аймақтағы және одан тыс жерлердегі басқа да лаңкестік топтардың шабуылына тап болып отырмыз" ,- деді Амрулла Салех.

"Талибан"* – Қазақстан тыйым салынған террористік ұйым. 

Талқылау