Тәліптер Ауғанстан аумағында көкнәр өсіруге тыйым салды
Ауғанстанның билік басына келген "Талибан"* өкілдері бүкіл ел аумағында көкнәр өсіруге тыйым салды. Мұндай бұйрықты ұйым жетекшісі Хайбатулла Ахунзада шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауғанстандық Бахтар агенттігі жариялаған "Талибан" көшбасшының бұйрығында "қазір барлық ауғандықтар көкнәр өсіруге қатаң тыйым салынғаны туралы хабардар" делінген.
Жоғарғы басшының нұсқауын бұзғандарға шариғат заңы бойынша сотталатынын айтқан, ал табылғанының барлығы (көкнәр дақылы) дереу жойылады.
- "Тәліптер кәмелетке толмаған қарындастарымды әйелдікке алып кетуі мүмкін": Түркістан тұрғыны Ауғанстандағы туыстары үшін көмек сұрайды
- Тәліптер көлікте музыка тыңдауға және хиджабсыз әйелдерді көлікке отырғызуға тыйым салды
- Тәліптер дәрігерлерге әйелдерді ер адамның бақылауынсыз қабылдауға тыйым салды
Ахунзада сонымен қатар есірткінің, таблетканың және алкогольдің барлық түрлерін пайдалануға, тасымалдауға, саудалауға, экспорттауға сондай-ақ импорттауға тыйым салды. Ауғанстандағы барлық есірткі өндіретін кәсіпорындардың да жұмысына тосқауыл қойылды. Оның үстіне билік "бұл жарлықты орындауды барлық ауғандықтар үшін міндетті" етпек.
"Талибан"* - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"