"Талибан" қозғалысының өкілдері Қазақстанға форумға шақырылды
"Талибан" қозғалысының өкілдері Астананың екінші халықаралық форумына шақырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, еліміздің Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Қазыханның атынан шақыруды "Талибан" сауда министрлігінің басшысы Нұреддин Азизиге тапсырған. Бұған дейін Нұреддин Азизи Астанаға 2023 жылы сауда мәселелері бойынша екіжақты келіссөздерге келген.
Алдағы 13-14 маусымда Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өңірдің басты халықаралық конференциясы – Астана Халықаралық форумы (AIF) өтеді. Оған Талибан да шақырылып отыр.
Еске салсақ, өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан "Талибанды" тыйым салынған ұйымдар тізімінен ресми түрде алып тастаған еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”