Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан "Талибанды" тыйым салынған ұйымдардың тізімінен алып тастады

Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан билігінің “Талибанды” тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығару туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айбек Смадияровтің айтуынша, Қазақстан қауіпсіздік кеңесі мен БҰҰ бас ассамблеясы қабылдайтын шешімдер мен қарарларды қатаң ұстанады.

“Қазақстан тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізіміне үнемі тексеру жүргізеді. Аталған үдеріс шеңберінде БҰҰ тәжірибесіне сәйкес Талибанды алып тастау туралы шешім қабылданды. БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, Талибан БҰҰ қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізіміне кірмейді”, – деді Смадияров.

"Талибан" қозғалысы 1986-87 жылдары басталған. Әлемнің көптеген елдерінде тыйым салынған террористік ұйым деп танылды. "Талибан" Ауғанстанды 1996 жылдан 2001 жылға дейін басқарды. 2021 жылы америкалық әскерлер елден шығарылғаннан кейін қозғалыс билікке қайта оралды.

Талқылау