Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Жорабаевқа қоқан-лоққы көрсеткен Төреғалидің қай “көкесі” екені анықталды (видео)

Төреғали Төреәлінің басынан әлі де дау арылар емес. Қарияға дөрекілік танытып, залдан қуып шыққаннан кейін жұрт әншіні басқа қырынан тануда. Дау басталған шақта белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалидің сөзін сөйлеген лауазымды қызметтегі кісі туралы айтқан еді. Журналист лауазымды адамның отандық әншіге қоқан-лоққы көрсеткенін алға тартып, аудио-жазбаның үзіндісін жариялаған болатын, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Төреғалиға қарсы пікір жазғаннан кейін, журналистің “жағасынан алып” жатқандар бар көрінеді. Бұл ретте Бибігүл Дәулетбекқызы аудио-жазбаның толық нұсқасын жариялауды жөн деп шешкенін айтады.

“Бұл аудиожазбаның толық нұсқасын көпшілік есту керек деген шешімге келдім. “Алматы облысы Ұлттық Қауіпсіздік Департаментінің бірінші орынбасары Базарбаймын”,- деп таныстырған бұл кісіні бүгінде комитеттің жігіттері қолға алуда. Жаңа Жылдан соң бұл дауға нүкте қойылады деген болатын. “Әнші Алтынай Жорабаеваның інісі жас әнші Талғат Жорабаевты қорқытқан бұл кісі кім болды екен?”,- деген сұрақ оларды да алаңдатуда. Олар: “Бүгін біздің атымыздан қорқытады, ертең тағы бір үлкен кісілердің есімімен жүреді ғой”,- деп ашулануда. Ал, шын мәніндегі Базарбай деген “үлкен посттағы” кісі шетелде жүр. Ол Талғатқа өткен жолы WhatsApp желісі арқылы қоңырау шалып, қорықпауға шақырды.

Біле білсеңіздер, осы даудан кейін маған көптеген әншілер шықты. Әріптестерінің көңілi Төреғали Төреәліден баяғыда қалған екен”, – деп түсіндірді Дәулетбекқызы.

Ал журналист жариялаған аудио-жазбада өзін Базарбаймын деп таныстырған кісі Төреғалиға сын айтқаны үшін Талғат Жорабаевты балағаттап, қорқытқан. Өз жөнімен жүруге кеңес берген, кері жағдайда өзіне жаман болатынын ескерткен.

“Халық, халық деп жүріп қалт етіп қалма”, – деп қоқан-лоққы көрсеткен азаматтың аудио-жазбасын төменнен тыңдай аласыздар.

Ескерту! Жазбада бейәдеп сөздер кездеседі!

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Күнім, сен сөнбеші: Атыраулық Әнелді тағы бір күрделі ота күтіп тұр

Елімізде белгісіз дертке шалдыққан 4 бала ем таппай қиналуда

11 жасында далада қалған алматылық қалай табысты кәсіпкерге айналды

Танымал журналист ұлынан айырылып қалды

Талқылау