Талғарда изолятордан қашып кеткен күдіктіні дронмен іздеген: Қашқынның ұсталғанға дейінгі видеосы пайда болды (видео)
Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіні полицейлер дронның көмегімен тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
ТЖМ қашқынның ұсталғанға дейінгі соңғы 5 минутының видеосын жариялады.
Жиен қарындасын зорлады деген күдікті айдалада ағаштар арасында жүгіріп жүргенін байқауға болады. Осының бәрін құзырлы органдар дронмен бақылап, көзден таса боп кетпеуін қадағалаған. Әрі қарай оны топ болып ұстайды.
Еске салсақ, бұған дейін Талғарда зорлау оқиғасы бойынша күдікті изолятордан қашып кеткені айтылды. Кейін ол туралы толық ақпарат шығып, аты-жөні, жасы, мекенжайы көрсетілді. 25 қазанда қашқын ұсталды.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады