Талдықорғанда 4-қабаттан секіріп кеткен шенеуніктің ұлы жаңа деректерді мәлімдеді
Талдықорғандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің төртінші қабатынан секіріп кеткен шенеунік жайлы жаңа ақпараттар белгілі бола бастады.
Бүгін түсініксіз жағдайда мерт болған Сейілхан Мұхамадиевтің ұлы журналистерді жинап, арнайы брифинг өткізді. Әкесінен айырылған Мұхит Мұхамадиев сыбайластықпен күресіп жүрген Ұлттық бюро қызметкерлеріне қатысты біраз деректерді жайып салды, деп хабарлайды 31 арна.
Бейнежазба биыл ақпанның бірі күні түсірілген. Жазбада «ҚазСушар» мекемесі Алматы филиалының директоры Сейілхан Мұхамадиевті ұжымы зейнеттік демалысына салтанатты түрде шығарып салуда. Себебі, 31 қаңтар күні Сейілхан Мұхамадиев өз еркімен директор қызметін босату жөнінде өтінішін жазған. Алайда 2 ақпан күні түнгі сағат он жарымдар шамасында лауазымды қызметте болмаған, зейнеттегі адам «Пара алу» фактісімен ұсталған дейді ұлы.
“Қылмыстық кодекстің 366 бабына субъекті болып, зейнеткер адам табылады десе, пара алушы болып, мен 1 миллион теңге сыйақы тағайындаймын”, – дейді ұлы.
Марқұм болған әкесінің заңды қорғаушысы Мұхит Мұхамадиев зейнеткердің үстінен «пара алу фактісі» бойынша іс қозғалғаны былай тұрсын, Ұлттық бюроның ресми мәлімдемесіне де аң-таң. Ұлттық бюроның ресми сайтында тұрған ақпаратта парамен «ҚазСуШар» мекемесінің Алматы филиалының директоры ұсталды деп жарияланған. Алайда парамен ұсталған күні әкесінің еш жерде лауазымды қызметте болмағанын айтады.
“400 мың алған күні менің әкем ешбір лауазымды қызметте болмаған. Екі күн бұрын жұмыстан босаған, зейнеткер болған адам. Соттың үкімінсіз, менің әкемді халықтың алдында жемқор қылып көрсеткен Нацбюроның пресс службасына наразылық білдіріп, осы мәслихатты өткіздім”, – дейді Мұхамадиев.
Осылайша құқықтарымыз тапталып жатыр деген марқұмның жақындары өз шындықтарын жеткізуде. Алайда бұл бар жайттың бір парасы сынды.Себебі, Сейілхан Мұхамадиев өз еркімен төртінші қабаттан секіріп өлді дегенге ешкім сенбейді. Ал қазір аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 105 бабы, яғни «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» ісі бойынша тергеу жүріп жатыр.
Тағы оқыңыз:
ОҚО-да балалар үйінде өскен жігіт тауып алған 6 млн теңгесін иесіне қайтарған
Атыраулық дәрігерлер неліктен шие иісті мүшеқапқа тапсырыс бергендерін түсіндірді
Жоғалып кеткен алматылық қыздың ағасы: Желіде сөйлескен жігіт қарындасыммен 3 сағат пәтер жалдаған