Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылды

Желіде Талдықорғанда 20 жастағы курсанттың мәйіті табылғаны түсірілген видео пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mentoday.ru

Жігіт Алматы әскери институтының курсанты екені белгілі болды. 

"2024 жылғы 4 ақпанда сағат 13:30-да 2004 жылы туған жас жігіт А. Алматыға қарай такси ұстаған. Ата-анасы ұлымен телефон арқылы хабарласа алмаған. Кейін Назарбаев көшесі, 101, Горький мектебіне қарама-қарсы жолдың бойынан жігіттің денесі табылғаны анықталды”, – делінген хабарламада. 



Жетісу облысының полицейлері аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

"Полиция суицидке итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажет сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметкерлерді запасқа шығару және қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойғаны туралы жазған едік.

Талқылау