Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Таксист қайтып келіп, тірі жатқан әйелді қылқындырып өлтірген: Алматы облысында жоғалған әйелдің өлімі

Алматы облысында таксисттің қолынан қаза болған әйел оның танысы болған. Таксист марқұм әйелге қомақты ақша қарыз болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

43 жастағы Айнұр Қасымованы таксист алдымен таспен ұрып, кейін аяқ киімнің бауымен қылқындырған. Қайғылы оқиға Алматы облысында болды. 

Таксист Айнұрды үйіне жеткізіп тастауды ұсынады. Жол бойында жанжалдасып, таксист оның басынан ұрып талдырып тастайды. Көліктен сыртқа лақтырып жібереді. Кейін қайта келіп, аяқ киім бауымен қылқындырады. Ол кезде әйел әлі тір болған. Телефонын алып туыстарымен сөйлеседі. Осыдан кейін әйелдің денесін зиратқа апарып көміп тастайды. 

Такси жүргізуші полицейлердің күдігіне бірден ілінді. Ол жауап беру барысында шатаса бастады. Кейін кінәсін мойындады. 

"Мәйітті жақындары таныды. Қазір күдікті уақытша қамау абақтысында. Адам өлімі бойынша тергеу басталды", - дейді облыстық полиция депратаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр