Таиландта қаза болған жігіттің блогер екені анықталды
Таиландта қайтыс болған қазақстандықтың мәйітін ата-анасы қарап, өз ұлдары екенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Бүгін ата-анасы ұлының кім екенін анықтады. Жақын арада оның денесі Қазақстанға жеткізіледі", – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Белгілі болғандай, марқұм 15 жасынан бастап әлемді аралаған блогер болған. Ол Тайландта бірнеше айдан бері жұмыс істеп жүрген.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі 1 қыркүйекте Қазақстанның Таиландтағы консулына Пхукет жағалауында жас жігіттің суға батып кеткені және оның Қазақстан азаматы болуы мүмкін екені туралы ақпарат түскенін нақтылады. Таиландтық құтқарушылар екі күндік іздестіру жұмыстарынан кейін 2005 жылы туған жігіттің денесін судан алып шықты.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен