Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы да ұстаз өлімі: Ақтауда мектеп мұғалімі көз жұмды

Ақтау қаласындағы №8 мектепте мұғалім көз жұмды.

Бұл туралы «Лада» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Маңғыстау облысындағы жедел жәрдем станциясына 7 нарузы күні сағат 11:40-та Ақтау қаласының №8 мектебінен қоңырау түскен.

Жедел жәрдем жеткенде, әйел ес-түссіз күйде болған. Дәрігерлер жарты сағат бойы оның өміріне араша түспек болған. Алайда 47 минуттан кейін оның өлімін тіркеуге тура келіпті.

Маңғыстау облысы жедел жәрдем станциясының бас дәрігерінің орынбасары Рахымжан Елтаевтың сөзінше, әйелдің өлімінің себебі белгісіз.

«Өлімінің себебі медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Реанимациялық әрекеттер өз нәтижесін бермеді. Оның өлімі сағат 12:07-де тіркелді. Мектеп қызметкерлерінің сөзінше, мұғалім бірнеше күн бойы қан қысымының  көтеріліп кеткеніне шағымданған. Диспансерлік тіркеуде болмаған. Дәрігерлерге бармапты», – дейді Рахымжан Елтаев.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында сыныптастары 6-сынып оқушысын итеріп жіберіп, ауыр халге түсірген

Астанада қатты соққан желден мұнара краны құлап қалды

Оралда оқушыларын ҰБТ сынағына әкелген мұғалім қайтыс болды

Ақтөбе облысында жол апатынан тағы екі өзбек азаматы қаза болды

Талқылау