Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында сыныптастары 6-сынып оқушысын итеріп жіберіп, ауыр халге түсірген

12 жастағы Ақжүніс Тұрдыбектің анасының айтуынша, қызын мектепте сыныптасы итеріп жіберіп, ол партаға басын соғып, есінен танып қалыпты. Қазір жасөспірімді дәрігерлер тексеріп жатыр. Ал мектеп басшылығы білім ордасында мұндай жанжал болған емес деп азар да безер, деп хабарлады КТК.

Бірақ өзінікін дұрыс санап отырған қарсы тарап бұларды жауапқа тартқызуға әрекеттеніп жатыр.

Анасының айтуынша, алтыншы сыныпта оқитын Ақжүніс Тұрдыбек екінші ауысымдағы сабағына кетіп, содан мектебінде аяқ астынан денесі тырысып қалып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Оқушының өзі анасына үзіліс кезінде оны сыныптағы балалардың бірі ұрғанын айтыпты. Осыдан кейін басы партаға соғылған Ақжүніс сол жерде есінен танып қалған.

“Ұрған баланың шешесі келген. Мен ол кісіні көрген жоқпын, телефонмен сөйлестім. Маған айтқаны – сіздің қызыңыз эпилепсиямен ауырады екен деді. Сондай ақау бар екен, сіздің қызыңыздың ауру ұстаған кезде баламыз соған жәрдем беріпті деді”, – дейді қыздың анасы Светлана Дәрментаева.

Мектеп басшылығы да Ақжүніске ешкім қолының ұшын да тигізбеген дегеннен танбай отыр. Айтуларынша, өзін жайсыз сезініп, құлап қалуы мүмкін. Өйткені, бұған дейін тұмаумен ауырған көрінеді.

“Оқушылардан сұралды сыныбындағы балалардан, ол баланы ешкі де итеріп жібермеген, ешкім де ұрмаған, өзі құлап қалған бала, әлсіреген”, – дейді Мұнайлы аудандық № 5 мектеп директорының орынбасары Гүлнұр Себепбаева.

Ал дәрігерлер Ақжүніске әзірге нақты диагноз қоймапты. Ол үшін әлі де толыққанды тексеру керек екен. Алынған кей сараптама да қыздың денесінде сынық, ісік немесе мидың зақымдануы секілді өзгерістердің бар екенін көрсетпепті.

“Компьютерлік томография қандай да болмасын жарақатты көрсетіп тұрған жоқ. Бірақ тексерген кезде қыздың денесінің тырысуы тағы да байқалды. Cондықтан толық қарап шығу үшін Ақжүністі психоневрологиялық бөлімшеге жатқыздық. Қазір бала қажетті емін алып жатыр, жағдайы да тұрақты”, – дейді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігері Гүлжан Ермекбаева.

Дәрігерлер дененің тырысуы жасөспірімдердердің ағзасындағы гормоналдық өзгеріс кезінде жиі кездесетін жайт деп отыр. Бірақ оған ұрыс-керістің де әсер ететінін теріске шығармайды. Мұғалімдерінің айтуынша, Ақжүніс үздіктердің қатарында, қақ-соқпен де ісі жоқ. Сондықтан жанжалдың болуы тіпті мүмкін емес көрінеді. Бірақ ашулы ата-ана өз айтқандарын дәлелдеу үшін құзырлы орындардың көмегіне жүгініп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Астанада қатты соққан желден мұнара краны құлап қалды

Оралда оқушыларын ҰБТ сынағына әкелген мұғалім қайтыс болды

Ақтөбе облысында жол апатынан тағы екі өзбек азаматы қаза болды

Алматыда көлік жүргізушісі 22 жастағы жігітті қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Талқылау