Алматыда көлік жүргізушісі 22 жастағы жігітті қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен
Алматыда жол қиылысында автокөлік жүргізушісі 22 жастағы жігітті қағып өлтірді. Қайғылы оқиға Райымбек батыр даңғылымен Тілендиев көшесінің қиылысында болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жігіт арнайы белгі көрсетілмегеніне қарамастан көшені қиып өтпек болған. Сол сәтте қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік алдынан шыққан жігітті қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Жол ережесін бұзған 22 жастағы жігіт жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Полиция оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісін іздестіруде.
Жіберіп алмаңыз:
Қостанайда 19 жастағы бойжеткен көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кетті
Қостанайлық әйел бесінші қабаттан құлап, ауруханада көз жұмды
Екібастұзда әйел күн көрсетпеген өгей әкесін ашу үстінде өлтірді
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған