Екібастұзда әйел күн көрсетпеген өгей әкесін ашу үстінде өлтірді
Екібастұзда әйел өзін, әпкесін және анасын ұзақ жылдар бойы қорлап келген өгей әкесін өлтірді.

Павлодар облыстық сотының мәліметінше, ол анасы жүрек талмасымен ауруханаға жатқызылғанын естігеннен кейін ер адамның басынан және денесінен арматурамен бірнеше рет ұрған. Әйел қылмысты қатты ашу үстінде (физиологиялық аффект) жасаған, деп жазады Sputnik.
Қылмысты іс материалы бойынша, қаза тапқан ер адам отбасы мүшелерін қорлап, күш қолданып келген.
Екібастұз қалалық сотында әйел Қылмыстық кодекстің 101-бабы (Ашу үстінде кісі өлтіру) бойынша өз кінәсін мойындады.
Ұл тәрбиелеп отырған әйелге бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесілді. Сот қылмыстың ауырлығын және іс бойынша жазаны жеңілдететін жағдайларды ескерді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған