Bank RBK амбассадоры Елена Рыбакина әлемдік теннис шыңын бағындырды

Елена Рыбакина WTA нұсқасы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Сонымен қатар ол әлемдік рейтингті басқарған Қазақстанның тұңғыш өкілі болды. Қазақстандық теннисшінің бұл тарихи жетістігі оның мансабындағы жаңа биіктікті бағындырып, отандық спорт үшін айтулы оқиға болды.
Елена Рыбакинаның ресми серіктесі әрі бренд-амбассадоры Bank RBK бұл нәтижеге ерекше мән беріп отыр.
"Бірінші орынды кездейсоқ иелену мүмкін емес. Оған күнделікті еңбек, қиын матчтар, жеңістер мен жеңілістерден өтіп, біртіндеп жетеді. Бүгін Елена бұл жолды тарихи белеске жеткізді: ол әлемнің бірінші ракеткасы атанып, WTA рейтингінің шыңына көтерілген Қазақстанның тұңғыш өкілі болды. Bank RBK үшін Елена осындай биік белесті бағындырған сәтте оның жанынан табылу – ерекше мақтаныш. Оның жүріп өткен жолы үлкен жетістіктің артында шын мәнінде не тұрғанын көрсетеді: талант, мінез, тәртіп және күн сайын өзіңді шыңдай білу. Елена жай ғана рейтинг көшін бастаған жоқ, ол тұтас бір буын үшін жаңа белесті белгіледі", – деді Bank RBK басқарма төрайымы Наталья Акентьева.
Bank RBK-ның Елена Рыбакинамен серіктестігі 2023 жылы басталды. Бұл банктың қазақстандық спортты қолдауға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігіне айналды. Оған бұқаралық спорт бастамаларынан бастап, жоғары жетістіктер спортына дейінгі бағыттар кіреді.
Елена Рыбакинаның тарихы Bank RBK философиясын дәл көрсетеді: қол жеткізген жетістікпен тоқтап қалмай, әр жолы өзіңе жаңа мақсат қойып, жаңа биіктерге ұмтылу.
Бүгін бұл меженің биігі бұрынғыдан да жоғары көтерілді. Елена Рыбакина Қазақстан туының әлемдік теннистің ең биік шыңында желбірейтінін дәлелдеді. Бұл нәтиже – Еленаның жеке жетістігі ғана емес, тенниске немесе спорттың басқа түрлеріне енді қадам басып келе жатқан баршаға үлкен шабыт беретін үлгі.
Bank RBK Еленаны және оның бүкіл командасын айтулы жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта да көптеген жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейді!
ҚНРДА берген 2026 ж.15.07. №1.1.821.135 лицензия
"Өзімді қызбын деп шектеген емеспін": Қазақстандағы құтқару авиациясының жас ұшқышы қалай адамдарды құтқарып жүр