Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды
Қыркүйекте Астана, Өскемен және Алматы облысында 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын сотталған, оның ішінде кісі өлтіргені үшін істі болғандар да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, тінту барысында күдіктілерден атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ бірнеше қымбат автокөлік табылып, тәркіленді. Құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау және жолын кесуге бағытталған осындай іс-шаралар Астана мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында жүргізілген.
“Жалпы аталған фактілер бойынша 50-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Заңсыз айналымнан 10-нан астам атыс және травматикалық қару, сондай-ақ оларға тиесілі оқ-дәрілер тәркіленді. Сонымен қатар дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында жәбірленушілердің 77 млн теңгеден астам қаражатын иемденуге жол берілмеді. Қазір қылмыстық істер бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Заңсыз әрекеттерге қатысы бар басқа да адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды”, – деп мәлімдеді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Министрлік өкілі азаматтар мен қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ ол “Заң мен Тәртіп" қағидаты кінәлілерді жауапкершілікке тартуды ғана емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуды жүйелі түрде жүзеге асыруды, азаматтарды қорғауды және қауіпсіз орта қалыптастыруды көздейтінін айтты.
"Өзімді қызбын деп шектеген емеспін": Қазақстандағы құтқару авиациясының жас ұшқышы қалай адамдарды құтқарып жүр
