Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағына солтүстік-батыс циклоны әсер етіп, жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Циклонның әсері алдымен елдің батысында байқалады. Кейін тұрақсыз ауа райы солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарға таралады. Ал Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.
Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік өңірлерде көктайғақ болады. Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде тұман түседі.
Ауа температурасына келсек, батыс өңірлерде біртіндеп жылынады. Түнде ауа температурасы бастапқы −2…+5 градустан +1…+10 градусқа дейін жоғарылайды. Күндіз +2…+10 градустан +5…+10 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі температура −3…−13 градус аралығында сақталады. Ал күндіз ауа температурасы 0…+5 градустан +5…+10 градусқа дейін жоғарылайды.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда алдағы үш күнде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.
Бұған дейін Қазақстанның 17 өңірінде тұман түсіп, бірнеше облыста көктайғақ болатыны туралы жазған едік.
Алматының ауызсуын қайнату керек пе: Судан табылған бактерияға қатысты мамандар не дейді
