Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте танымал құрылыс қоспаларын қолдан жасаған

құрылыс жалған заттар
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте құрылыс қоспалары мен кафель желімін заңсыз өндіретін цехтың жұмысы әшкереленді. Қаланың бірнеше тұрғыны белгісіз затты танымал брендтердің қаптарына салып, оны базарда сатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкенттіктер цех үшін жеке ғимаратты жабдықтаған. Онда құрылыс қоспаларын өздері өндіріп, дайын өнімді танымал брендтердің атауы жазылған қаптарға салып отырған. Құрылысшылардың бұл қоспалармен кафель жабыстырып, бетон құйғаны қаншалықты қауіпсіз болғаны белгісіз.

Құқық қорғау органдары тәркіленген өнімдердің барлығы контрафакт екенін атап өтті. Ал өзін кәсіпкер санаған азаматтарға енді айыппұл салынуы мүмкін.

“Белгілі Glad, "Қайсар" және "Крепость" брендтерінің атын пайдаланып, құрғақ қоспалар мен кафель желімін өндірген”, – дейді  Шымкент қаласы Әділет департаменті бөлімінің басшысы Мұхтар Абдезов.

 Айтуынша, бұл қоспалар контрафакт болып саналады, себебі олар осы цехтың өзінде дайындалған.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 10 Қыркүйек, 2026 08:32