7500 жаңа күш тарихы: Bank RBK Shymkent Marathon-ды екінші жыл қолдайды
Күн шуағына бөленген Шымкентте үлкен спорт мерекесі қайта жалғасын табады. 13 қыркүйекте қалада Қазақстандағы ең танымал бұқаралық жүгіру жарыстарының бірі – ХІ Shymkent Marathon өтеді.
Биыл марафонға 7500 қатысушы жиналады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 адамға көп. Жүгірушілер Қазақстанның және шетелдің 120 қаласынан келеді. Екінші жыл қатарынан Bank RBK марафонның бас серіктесі болып, бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын дамытуға қолдау көрсетіп отыр.
Мұндай сандардың артында айлап дайындалып, өз-өзін жеңуге талпынған, таңмен таласа жаттығуға шыққан, бір сәтте "Менің қолымнан келеді" деп өзіне сенім артқан мыңдаған адамның жеке тарихы жатыр.
Марафон күні әр қатысушының өз мақсаты мен жеңісі Шымкент көшелерінде тоғысып, баршаға ортақ үлкен спорт мерекесіне айналады.
"Shymkent Marathon шарасына биыл да қолдау көрсетіп отырғанымызға қуаныштымыз. Біз үшін бұл жай ғана спорттық іс-шара емес. Бұл адамдар, олардың мінезі, энергиясы және өздерін үнемі жетілдіруге деген ұмтылысы туралы. Жыл сайын марафонға қатысушылар санының артып келе жатқаны ерекше шабыттандырады. Биыл стартқа шығатын 7500 адам – 7500 жеке тарих, мақсат және кішкентай жеңіс. Біз дәл осындай энергияны алға ұмтылу энергиясын қолдағымыз келеді", – деді Bank RBK Басқарма төрайымы Наталья Акентьева.
Shymkent Marathon он жыл ішінде қалалық жүгіруден ауқымды халықаралық спорттық шараға дейінгі жолдан өтті. Бүгінде марафонға кәсіби спортшылар, әуесқой жүгірушілер, достар мен әріптестерден құралған командалар, отбасылар және алғаш рет өз күшін сынап көруге бел буған жандар қатысады. Мұнда мәредегі нәтиже ғана емес, оған апарар жолдың өзі маңызды.
Биыл қатысушылар 5, 10, 21 және 42 шақырым қашықтықта бақ сынайды. Сонымен қатар командалық эстафета мен скандинавиялық жүріс бойынша да жарыстар өтеді. Дәстүр бойынша марафон бағыты Шымкенттің орталық көшелерімен өтеді. Осы күні қала үлкен спорт алаңына айналып, жүгірушілер әр шақырым сайын жанкүйерлер мен қала тұрғындарының қолдауын сезінеді.
Қатысушыларға арналған жүлде қорының жалпы көлемі 20 миллион теңге. Марафон жеңімпазына 1 миллион теңге, ал жарыс трассасының рекордын жаңартқан спортшыға арнайы 400 мың теңге сыйақы беріледі.
Алайда Shymkent Marathon – секундтар мен орындар үшін ғана өтетін жарыс емес. Әр қатысушыға старттық жиынтық табысталады. Соның ішінде жарыстың ресми футболкасы мен шұлығы, финишердің естелік медалі және жоба серіктестерінің сыйлықтары бар. Мұндай секундомер қанша уақыт көрсеткеніне қарамастан, есте ұзақ сақталатын күннің символдары.
"Біз үшін Shymkent Marathon-ның қаламен және оның тұрғындарымен бірге дамып келе жатқанын көру өте маңызды. Бұл жобаны қолға алған кезде адамдарды спортқа біріктіріп, әр қатысушыға үлкен команданың бір бөлігі екенін сезіндіретін шара ұйымдастыруды армандадық. Бүгінде стартқа 120 қаладан 7500 адам шығады. Бұл енді жай ғана марафон емес. Бұл жыл сайын қатысушылар, еріктілер, жанкүйерлер мен серіктестердің бірлесуімен қалыптасатын үлкен мереке. Bank RBK-пен бірге екінші жыл қатарынан осы тарихты жалғастырып, марафонды одан әрі ауқымды әрі қызықты етіп келе жатқанымызға қуаныштымыз", – дейді Shymkent Marathon идеясының авторы, "Шымкент Марафон" қоғамдық қорының құрылтайшысы Қарлығаш Бекбосынова.
Марафон күні Шымкент бір-бірін танымайтын адамдардың өзі бір-біріне жанкүйер болатын қалаға айналады. Жол бойында жүгірушілердің есімдері аталып, біреулер су ұсынып, енді бірі қолдау сөздерін айтып, жігерлендіріп жатады. Ал кейбірі алғаш көрген жүгірушіге жай ғана жымиып, демеу білдіреді.
Қатысушылардың арасында жарысқа айлап дайындалғандар да, жүгіру жолына алғаш рет шыққандар да бар. Бірі үздік нәтиже көрсету үшін жүгірсе, енді бірі үшін ең басты мақсат - мәреге жету. Алайда белгілі бір сәтте олардың барлығы ортақ оқиғаның бір бөлігіне айналады. Осы сәт жанында қолдайтын адам болған кезде әркімнің өз мүмкіндігінен де биік белестерді бағындыра алатынын көрсетеді.
Shymkent Marathon-ның есте қалатыны да сондықтан шығар. Бұл марафон шақырымдар мен секундтармен емес, адамдармен есте қалады: жол бойында бірге жүгіргендермен, мәреде күткендермен және дәл керек сәтте "Алға! Сенің қолыңнан келеді!" деп жігер берген жандармен.
ҚНРДА берген 2026 ж.15.07. №1.1.821.135 лицензия
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды