Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда оқушыларын ҰБТ сынағына әкелген мұғалім қайтыс болды

Оралда ҰБТ байқау сынағы кезінде 11-сынып жетекшісі қайтыс болды. Әйел жедел жәрдем жеткен сәтте жүріп кеткен.

Бұл туралы «Уральская неделя» хабарлады.

Оқиға Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде түскі уақытта болған. Сол уақытта университеттің дәрігері түскі асқа кеткен.

Әйелге нақты диагноз қойылмады, бірақ қан қысымы көтерілгені анық.

«№32 мектептің оқытушысы ҰБТ байқау сынағын тапсыру үшін оқушыларын әкелген еді. Оқушылар аудиторияларға кіріп кеткен соң, ол дәлізде қалған. 13:10 шамасында оның талмасы ұстады. Біз оған көмек көрсетуге әрекет жасап, «Жедел жәрдем» шақырдық. Бірақ «Жедел жәрдем» жедел келген жоқ, олар жеткенше жарты сағат өткен еді. Дәрігерлер келген бойда жаны үзілгенін айтты», – дейді М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы ҰБТ орталығындағылар.

Тағы оқыңыз:

Ақтөбе облысында жол апатынан тағы екі өзбек азаматы қаза болды

Данияр Елеусінов біржола кәсіпқой боксқа ауысып, британдық промоутермен келісім-шарт жасасты

Жоғалып кеткен алматылық қыздың ағасы: Желіде сөйлескен жігіт қарындасыммен 3 сағат пәтер жалдаған

Олар әлі де басқа ағымда: Сирияда жүрген содырларды отбасымен бірге не себепті Қазақстанға қайтарып жатыр?

 

 

Талқылау