Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қатты соққан желден мұнара краны құлап қалды

Елорданың 188-көшесінде салынып жатқан құрылыс нысандарының бірінде мұнара краны құлап түсті.

Болған оқиғаның нақты себебі әзірше белгісіз.

“Оқиға шамамен 16.00-де болды. Тапсырыс беруші – қаланың құрылыс басқармасы. Бастапқы деректер бойынша, кран тұйық тіреуішке соғылған болса керек. Қатты желден құлап қалған ғой”, — деп “Сарыарқа” ауданы әкімінің орынбасары Ержан Жакубаев Sputnik-ке мәлідеді.

Төтенше оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнында Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінің комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

Астана тұрғындарының бірі Facebook парақшасында жариялаған видеода кран құрылыс басында жерде жатыр екен.

Тағы да оқыңыз:

Қарағандыда ауруханаға түскен сәби бір айдан кейін сал болып қалды

Елімізде бастығы жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтін қыз-келіншектер мұңын айтты

Астанада қансыраған күйі ауруханаға түскен сәбидің ағасы оның төсектен құлап қалғанын айтты

Талқылау