Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бастығы жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтін қыз-келіншектер мұңын айтты

Бастығынан зорлық көріп жүрген қыз-келіншектерге араша қажет! Өйткені, қылмыстың алдын алуы тиіс заңның 123-інші бабы елімізде мүлдем жұмыс істемейді екен. Мәселен, 20 жылдың ішінде бұл баппен бар-жоғы 25 үкім кесілген. Онда да, ешбірінде қылмыскерлер бас бостандығынан айырылмапты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Заң солқылдақ болған соң, басшысының мәжбүрлеуімен жыныстық қатынасқа түсіп, қор болғандар да көбейіп барады. Әсіресе, мұндай жағдай мемлекеттік қызмет пен бизнес саласында жиі тіркеледі екен. Оны арнайы зерттеу көрсеткен. Қыз-келіншектердің арын ойлаған қоғам белсенділері «жабулы қазан» күйінде қалып жатқан зорлық-зомбылықпен күресті қолға алған.  Ол үшін KORGAU123 деп аталатын қоғамдық платформа құрыпты. Әрі бүгіннен бастап сексуалдық мәжбүрлеу құрбандарына арналған жедел желіні іске қосты. Ол жәбірленушілерге күні-түні тегін қызмет көрсетеді. Сол арқылы ақпарат жинап, 3 айдан соң қоғамдық платформа өкілдері билікке заңды өзгерту жайлы ұсыныс жасамақ.

«Мемлекет қоғамды жыныстық мәжбүрлеуден қорғайтын жүйемен қамтамасыз етуі тиіс. Ал, қазір бұл қылмысты дәлелдеу қиын. Бүкіл дәлелді жәбірленушінің өзі жинауы керек. Оның бәрі қаржыға келіп тіреледі. Ақыр соңында, болған оқиға жылы жабылып қалады. Әрі зорлық құрбандары жұмыс орнынан айырылып қалмауды да ойлайды», – дейді адвокат Жохар Өтебеков.

Оқи отырыңыз:

Атырау облысында тірідей жанып кеткен жұмысшылардың туыстары жатақханадағы сұмдықтарды айтты

Дәрігерлер қатты соққыдан миы шайқалған 5 жасар қыздың жағдайын айтты

Назарбаев баспаналы болудың бір жолын ұсынды

Елбасы биылғы оқу жылына қосымша 20 мың грант бөлді

Талқылау