"Тағы біреуін аламыз": Ерке Есмахан баспанаға қатысты сөз қозғады
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Танымал әнші Ерке Есмахан тағы да пәтер сатып алғысы келетінін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, жақында өнерлі жұп су жаңа пәтер сатып алғанын айтқан еді.
"Алла бұйырса, тағы бір үй сатып алайық деп жүрміз. Біраздан бері қарастырып жатырмыз. Бүгін кептеліспен мың сағат жүріп 2-3 үй ғана қарап үлгердік. Түс қайта қала ып-ыстық болып кетті ғой. Сонымен үйге келіп рахаттанып жатырмын", – деп жазды Ерке Есмахан.
-
"Қызды болғанын естідік": Ерке Есмаханның желідегі жазбасы қызу талқыға түсті
-
"Барлық қымбат дүкенге кірдік": Ерке Есмахан Дубайдағы демалысын көрсетті
Одан кейін әнші Алматының іргесінен вилла сатып алғанын көрсеткен еді.
“Сол вилламыз әлі салынып жатыр. Жөндеу жұмыстарын да бастамадық. Шыдамай дайын үй ала саламыз ба деп отырмыз”, – деп жауап берген еді әнші.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған