Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу" әдетінен арылу керек - Тоқаев ірі кәсіпкерлер туралы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдеріне қайырылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Токаев укимет

"Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдері айрықша рөл атқарады. "Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу" әдетінен арылу керек. Есесіне, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға ұмтылған жөн”, – дейді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Тоқаев ірі кәсіпкерлердің Қазақстанда тапқан табысын басқа жақта емес, өз еліміздегі бизнесін дамытуға жұмсағаны абзал екенін баса айтады.



“Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнес-элитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің қорғауы мен қолдауына ие болады.

Сонымен қатар, бізге "кәсіпкерлердің жаңа толқыны" керек. Мемлекеттің ресурсына арқа сүйемей, бойындағы дарыны мен іскерлігі арқылы тұрақты әрі мықты кәсіп құра білген "тың күштер" қажет", – дейді мемлекет басшысы.

Талқылау