"Ісімізден сөзіміз көп": Тоқаев үкіметтің жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі керек екенін айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мұнай және газ өндіруші ел ретінде жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі керек екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қазақстан мұнай және газ өндіруші ел ретінде жаңа геоэкономикалық жағдайға бейімделуі керек. Экономиканы әртараптандыру – уақыт талабы әрі стратегиялық міндет. Біз бұл туралы үнемі айтып жүрміз”, – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.
- Қазақстан 2050 жылға қарай "суға өте мұқтаж" елдердің санатына кіруі мүмкін – Қасым-Жомарт Тоқаев
- Тоқаев шенеуніктерді мемлекетшіл-реформатор болуға шақырды
Мемлекет басшысы егер дереу іске көшпесек әлем экономикасында көш соңында қалатынымызды баса айтқан.
“Бірақ ісімізден сөзіміз көп болып тұр. Дереу іске көшпесек, әлемдік бәсекеде озық бола алмаймыз, яғни әлем экономикасында көш соңында қалуымызға тура келеді. Жаңа ғана еліміздің даму барысы туралы Үкіметтің есебін тыңдадық", – дейді ол.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді