Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев шенеуніктерді мемлекетшіл-реформатор болуға шақырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді қазақстандықтардың алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қазақстанның осы геосаяси аймақта ауқымды, демократияны арқау еткен реформалар жолына түскен бірден-бір мемлекет екеніне тоқталады. Айтуынша, енді бізге оңай болмайтынына қарамастан бұл жолды қалай да жүріп өтуге тиіспіз. 

“Енді жұмысқа жұмыла кірісеміз. Осында отырған әрбір мемлекеттік қызметші өзіне орасан зор міндет жүктеліп отырғанын сезінуге тиіс. Бұл – ең алдымен, барша Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілік. Сіздердің шешімдеріңіз бен іс-әрекеттеріңіз елдің бүгіні мен болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмеу керек”, – дейді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.



Мемлекет басшысы шенеуніктерді мемлекетшіл-реформатор болуға шақырады.

“Реформаларымыздың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту. Ол үшін тұрғындардың табысын көбейту керек. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Азаматтардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалуға тиіс. Мұның бәрін мықты нарықтық экономика болса ғана, табысты жүзеге асыра аламыз", – дейді президент.

Талқылау