Президент бұдан былай табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайтынын атап өтті
Қазақстан үкіметі азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған шынайы нарықтық экономикаға көшуі тиіс. Бұл жөнінде үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған шынайы нарықтық экономикаға көшуіміз қажет. Сондықтан алдымызда күрделі кезең тұр. Біз қиын-қыстау заманда өмір сүріп жатырмыз.
Дәстүрлі экономикалық және логистикалық байланыстар үзіліп жатыр. Оған қоса инфляция шарықтап тұр. Әлем экономикасының даму қарқыны төмендеп кетті. Мемлекеттер қарызға белшеден батты. Сауда-саттыққа кедергі көбейеді. Сондай-ақ елдердің өзара сенімі азайып барады”, – дейді Тоқаев.
- Тоқаев: Инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатыр
- Тоқаев Екібастұздағы жағдайдың қайталануына жол беруге болмайтынын айтты
Мемлекет басшысы мұның бәрі әлем экономикасындағы қалыпты жағдайға айналғанын атап өткен.
“Бұдан былай табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайды”, – дейді президент.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"