Түркия министрі жер сілкінісі салдарынан ғимараттардың жаппай опырылуының себебін түсіндірді
Түркияның Қоршаған орта, урбанизация және климаттық өзгерістер министрі Мұрат Курум 6 ақпанда болған жер сілкінісі салдарынан ғимараттардың жаппай опырылуының себебін түсіндірді. Сөзінше бұл ғимараттар Түркия билігі жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда құрылыс салу ережелерін күшейткенге дейін салынған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Yeni Şafak басылымына сілтеме жасап.

Шенеуніктің сөзінше сілкініс кезінде топырақтың сұйылтуына байланысты үйлер төтеп бере алмаған. 1999 жылдан кейін Түркия билігі тұрғын үлерге қойылатын талапты күшейткен. Министр қираған ғимараттарды сол кезеңнің алдында салынғанын алға тартты.
"Қираған ғимараттардың 98 пайызы 1999 жылға дейін салынған. Олардың көпшілігі топырақтың сұйылтуынан және инженерлік коммуникациялардың болмауынан құлады", - деді Курум.
Министр Түркияның бүкіл аумағында табиғи апаттан келген шығын бір апта ішінде бағаланатынын айта кетті. 6 ақпанда болған жер сілкіністерінің салдарынан Түркияның зардап шеккен 10 провинциясында 211 мыңға жуық ғимарат қираған.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді