Түркістан облысында мал базарында жыртқыш аю сатылған
Түркістан облысы Сайрам ауданы ауданында жергілікті тұрғын полицияға базарда жабайы аюдың сатылып жатқанын хабарлады.

Қарабұлақ ауылында мал базарында жабайы аю торға қамалған күйінде сатылған.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, табиғатты қорғау инспекторларымен, “Охотзоопром” орман және жануарлар әлемі инспекциясының қызметкерерімен бірлесіп тексеру кезінде 2/3 метр көлеміндегі аюдың сатылғаны анықталды. Ашық қоңыр түсті жабайы аю тор ішіне тоғытылған.
“Бұл іс «Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын заңсыз пайдалану» бабы бойынша тіркелді”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аю қазір Шымкент қаласының зообағында.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен