Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түргенде 8 жасар қызды зорламақ болған қылмыскерге сот үкімі шықты

Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істерді қарайтын сот Еңбекшіқазақ ауданының 32 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды.

girl1504-1-1

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Давранбек Қозыбағаров 8 жасар қызды жыныстық мәнде зорламақ болды деген баппен айыпталған болатын.

“Сот үкімімен Давранбек Қозыбағаров ҚР ҚК 121 бабы бойынша (жыныстық мәндегі зорлық әрекетін жасау) айыпты деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істейтін педагогтық қызметпен өмір бойына айналыса алмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – деп хабарлады сот.

Еске сала кетсек, 14 сәуір күні Түргенде мектептен қайтып келе жатқан 8 жасар қызға ер адам шабуыл жасайды. Ол қыз баланы қорқытып, таспен ұрып зорлық жасаған. Қыз баланы 11-сынып оқушысы құтқарып қалыпты. Бұған дейін оқиғаға облыстық ІІД түсініктеме берген болатын. Оқушыға осы ерлігі үшін оқу гранты берілген еді.

Оқи отырыңыз:

14 жыл бұрын аман қалған тастанды қызды көкшетаулық дәрігерлер күтіп-баққан

Алматыда көлік жүргізушісі өзіне жол бермеген әйелді “балаларың өліп қалсын” деп қарғап кетті (видео)

Ұят: Қазақстандықтар билет сату қызметінің жарнамасына наразылығын білдірді

Қазақстандық блогер жағдайына қарамай бала санын көбейткіш ата-аналарды сынады

Талқылау