Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам 8 жастағы қызды зорлап оны таспен ұрған

Алматы облысы, Түрген ауылында белгісіз ер адам 8 жастағы қызға шабуыл жасап, зорлаған.

girl1504

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Төтенше оқиға 14 сәуір күні кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Қыз бала мектептен үйіне қайтып келе жатқан кезінде мас күйдегі 30 жастағы ер адам шабуыл жасайды.

Қылмыскер қызды көпірден тастап жіберіп, сосын оны таспен және сынған бөтелкемен ұрған.

“Мен үйге қарай жақындап қалған кезде мені бір ер адам құшақтап алды да, ауызыма бірдеңе құйды. Мен ұйықтап қалдым, ал ол мені өзенге алып келіп, таспен ұрды. Ол мені алыс жаққа алып кетті, бірақ не істегенін білмеймін. Мен оянған кезде ол мені бар күшімен ұстап тұр екен. Сол кезде қасымыздан қанша адам өткеніне қарамастан, ешкім көмектеспеді. Мені Тимур деген қойшы құтқарды”, – дейді зардап шегуші.

Куәгерлердің ешбірі көмектеспей қойған соң, қызға қойшы көмекке келген. Жас жігіт қылмыскерді қорқытқаннан кейін, ер адам қашып кетеді. Кейін қыздың әкесі туыстарымен бірге жауызды тауып, полицияға тапсырған. Ал өздері баланы ауруханаға алып кетеді.

 

Оқи отырыңыз:

Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады

Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты

Алматы облысында қару кезенген ұрының өзіне тап берген сатушы қызға ноутбук сыйлады

Діни қызметкерлер ас беру кезінде жайылатын дастарханның мәзірін бекітті

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр