Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Польшада бір апта ішінде мектептерге үшінші рет шабуыл жасалды

мектеп
Фото: Telegra Vitrina

Польшада бірнеше күн ішінде мектепке үшінші рет қарумен шабуыл жасалды.  Салдарынан үш адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TVP.Info басылыман сілтеме жасап хабарлайды.

21 жастағы студент Варшавадағы ересектерге арналған мектептердің бірінің аумағында 17 жастағы екі қызға және 24 жастағы әйелге жарақат салған. Олардың бірін жарақаттарымен ауруханаға жеткізген. Қалған екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, полиция шақырту түскен соң төрт минут ішінде оқиға орнына жеткен. Күдіктіні мектеп қызметкерлерінің бірі қолға түсіріп,  полиция оны ұстап әкеткен. Шабуыл жасаған адам мен зардап шеккен, оқуға құжат тапсыруға келген әйелдер бір-бірін танымайды. Қазір шабуылдың себебі анықталып жатыр.

7 қазанда Остроленка қаласындағы №4 кәсіптік мектептің 19 жастағы оқушысы адамдарға шабуыл жасаған. Ол кезде тоғыз адам зардап шеккен. Олардың бесеуі – оқушы, екеуі – мұғалім, тағы екеуі – бөгде адам. Шабуыл жасаған жасөспірім ұсталды.

Сол күні полиция Серпц қаласында тағы бір шабуылдың алдын алған. Мұғалімдер мектепте біреуге зиян келтіретінін айтқан 17 жастағы жасөспірім жүргенін полицияға хабарлаған. Тексеру кезінде одан екі пышақ табылған. Сонымен қатар электрондық құрылғыларынан шабуыл жасауға дайындыққа қатысты іздеу сұраулары анықталған.

8 қазанда Варшава маңындағы Лещидул-Новины елді мекеніндегі бастауыш мектепте 15 жастағы жасөспірім пышақпен мектеп қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Салдарынан бір әйел қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған.

Ал 10 қазанда Польша полициясы ел аумағында 76 адамды ұстағанын мәлімдеді. Сонымен қатар елдегі 50 мыңға жуық мектепте тексеру жүргізілген. Бұл шара білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында қолға алынған.

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 11 Қазан, 2026 16:12