Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

+11-ден +27 градусқа дейін: Қазақстанда 11 қазан күні ауа райы қандай болады?

ауа
Фото: mos.ru

“Қазгидромет” 11 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Кей өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. Елдің солтүстігінде жел күшейеді. Ал оңтүстікте күндіз ауа температурасы +27 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Қалалардағы ауа райы

Астана – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Түнде ауа температурасы +0…+2 градус, күндіз +13…+15 градус.

Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Түнде +8…+10 градус, күндіз +20…+22 градус.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр. Түнде +10…+12 градус, күндіз +24…+26 градус.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр. Түнде +9…+11 градус, күндіз +25…+27 градус.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Түнде +8…+10 градус, күндіз +21…+23 градус.

Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр. Түнде +9…+11 градус, күндіз +24…+26 градус.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Түнде +0…+2 градус, күндіз +20…+22 градус.

Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр. Түнде +6…+8 градус, күндіз +22…+24 градус.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Түнде +13…+15 градус, күндіз +22…+24 градус.

Ақтөбе – ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр, күндіз екпіні 10 метрге дейін жетеді. Түнде +4…+6 градус, күндіз +20…+22 градус.

Атырау – ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр. Түнде +8…+10 градус, күндіз +25…+27 градус.

Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Түнде +7…+9 градус, күндіз +20…+22 градус.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 4–9 метр. Түнде +0…+2 градус, күндіз +11…+13 градус.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 4–9 метр. Түнде +4…+6 градус, күндіз +16…+18 градус.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде +2…+4 градус, күндіз +13…+15 градус.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр. Түнде +2…+4 градус, күндіз +16…+18 градус.

Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз екпіні 15–20 метрге жетеді. Түнде +2…+4 градус, күндіз +13…+15 градус.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр. Түнде ауа температурасы −1…−3 градус, күндіз +13…+15 градус.

Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр. Түнде −1…−3 градус, күндіз +12…+14 градус.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан және солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 4–9 метр. Түнде −1…−3 градус, күндіз +11…+13 градус.

Айта кетейік, бұған дейін Қазан айына арналған ауа райы болжамы жарияланған еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 11 Қазан, 2026 08:07