Алматыда саябақта әйелдің бөксесін ұстап, тиіскен шетелдік 15 тәулікке қамалды
Алматыда Тереңқұр саябағында бейтаныс әйелге тиіскен шетелдік азамат әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол әйелдің бөксесінен ұстап, әдепсіз әрекет жасаған. Оқиғаға Қазақстанға бір күн бұрын келген шетелдік туристің қатысы бар екені анықталды.

Медеу аудандық полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар полиция шетелдік азаматтың Қазақстан аумағында одан әрі болу мәселесін қарау үшін сотқа материалдар жолдады.
“Заң бәріне ортақ. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын бұзатын кез келген әрекетке заң аясында тиісті баға беріледі”, – деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы метросында қыздың бөксесін ұстаған ер адам бес тәулікке қамауға алынғаны туралы жазған едік.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған