"Бөксесіне қол жүгірткен": Астаналық тұрғын пойызбен сапарынан кейін 5 күнге қамауға алынды

Шымкенттік пойыз жолаушысы купеде денесіне біреудің қол жүгіртіп жатқанынан оянғанын айтып шағымданды. Кейін ол сотқа жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 27 наурызда шамамен таңғы сағат 4:00-де Шымкенттен Нұрлы жолға бара жатқан №71 жолаушылар пойызында болды. Іс материалдарына сәйкес, 22 жастағы Астана тұрғыны купе вагонында ұйықтап жатқан жолаушыға қатысты әдепсіз әрекеттер жасаған.
"Оның ұйықтап жатқанын пайдаланып, оның бөксесіне қол тигізе бастады. Қоғамдық тәртіпті өз мінез-құлқымен бұзып, қоғамға және айналасындағыларға құрметсіздік білдірді", – деді адвокат Дамир Ишмаметов.
Қыз бірден оянып, жолсерік пен пойыз менеджерін көмекке шақырды. Олар келіп, полиция шақырды.
"Ер адамға қарсы әкімшілік хаттама толтырылды, кейіннен сот оны әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы “Ұсақ бұзақылық” бойынша кінәлі деп танып, бес тәулікке қамауға алды", – деді адвокат.
Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Астана тұрғынын кінәлі деп таныды.
"Бас бостандығынан айыру жазасын өтегеннен кейін біз моральдық залал мен сот шығындарын өтеу туралы талап арыз бердік. Азамат талап арызын ішінара мойындап, 400 000 теңгені ерікті түрде төлеуге келісті, бұл Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотымен расталды", – деп атап өтті Ишмаметов.
Еске салсақ, пойызда 70 жастағы шал студент қызға тиісіп, қашып кеткені айтылды.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген
Оқыңыз