Алматы метросында қыздың бөксесін ұстаған ер адам бес тәулікке қамауға алынды

Алматы метросында бейтаныс ер адам қыздың бөксесінен қысып ұстаған. Ол осы әрекеті үшін 5 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған жағдайды Threads желісінде Ажар есімді қолданушы жазды. Оның айтуынша, ер адам вагонда еш шіміркпестен қыздың бөксесін қысып ұстаған.
“Бастапқыда бөксемнен екі рет шапалақпен ұрды. Вагонда адам көп болған соң біреудің сөмкесі байқамай тиіп кеткен шығар деп ойладым. Бірақ “Алатау” станциясына жақындағанда ол еш шімірікпестен бөксемнен қатты қысып ұстады. Бірден бұрылып, оған айғайладым. Бірақ қатты шошынып, не істерімді білмедім. Есімде қалғаны, одан: “Неге маған тиістіңіз?” немесе “Неге бұлай жасадыңыз?” деген сияқты сөз айттым. Ол болса саусағындағы неке жүзігін көрсетіп “мен үйленген адаммын” деп жымиып тұра берді. Сосын телефонымды шығарып, суретке түсірдім. Алайда ол бетін жауып, вагоннан шығып кетті", - дейді қыз.
Қыз артынша вагоннан шыққан, десе де ер адам қашып үлгеріпті.
“Өкінішке қарай, жанымда тұрған адамдардың ешқайсы араша түспеді. Барлығы қарап тұрды, бірақ ештеңе істемеді. Вагоннан түсіп, не істерімді білмей жылай бастадым. Кейін бір әйел келіп, әлгі адамның қашып кеткенін көргенін айтты. Тағы бір ер адам да оның қашып бара жатқанын байқаған. Қазір менің екі куәгерім бар”, – дейді қыз.
Бойжеткен ол ер адамды тауып, қалай да сотқа тартатынын айтты.
Ал Алматы қалалық соты ер адамның 5 күнге қамауға алынғанын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Астаналық тұрғын пойызбен сапарынан кейін 5 күнге қамауға алынғаны туралы жазған едік. Себебі ол ұйықтап жатқан жолаушының бөксесіне қол жүгірткен.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Оқыңыз