Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз атымен атауды ұсынды
АҚШ президенті Дональд Трамп Тынық немесе Атлант мұхиттарының бірінің атауын өзгерту керегін айтты. Ол мұхитты “Трамп мұхиты” немесе “Америка мұхиты” деп атауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамп бұл туралы 10 қазанда Теннесси штатының Кларксвилл қаласында өткен сайлауалды митингте мәлімдеген.
“Бізге өзен керек, бізге мұхит керек”, – деді ол.
Трамптың айтуынша, президенттік мерзімі аяқталғанға дейін картада жаңа атаумен белгіленген мұхит пайда болуы керек.
Сонымен қатар ол Мексика шығанағын “Америка шығанағы” деп қайта атау туралы шешімін тағы да еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп жасанды интеллектіні енді “суперинтеллект” деп атауды тапсырған еді.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған

