Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұят: Қазақстандықтар билет сату қызметінің жарнамасына наразылығын білдірді

Ғаламтор қолданушылары әуебилеттерін сату қызметінің эротикалық жарнамасына наразылық танытты.

1493970

Қазақстандық Choсotravel туристік порталы эротикалық жарнамадан соң ұятсыздық танытты деп айыпталып жатыр.

Желіде тараған видеода жалаңаш қыздар әр әуекомпаниясының жолсерігі рөлінде билет сатып алуды ұсынады.

Бұл кей желі қолданушысына ұнағанымен, кейбірі жарнамада ұятсыздықтың басым екенін атады.

«Осындайды көрген соң Қазақстандағы әйелдерге деген қатынастың қандай екенін ұғуға болады. Бірнеше жылдан кейін әйел заты тек қана сексуалды объект ретінде саналмайды деп үміттенем. Күн сайын әр жерде зорланған қыздар шығып жатыр. Соған қарағанда әйелдер тек физикалық қажеттілікті өтеуші секілді. Әйелдерге деген қатынас адамды жиіркендіреді», – дейді Anel Bel есімді қолданушы.

«Компания өз дәрежесінен пиарды жоғары қойып отыр», – деп жазды Ardak Berdibekov есімді қолданушы.

Choсotravel порталы Chocofamily компаниясына тиесілі. Оған Choсolife.me және азық-түлік пен линзалар интернет дүкені кіреді.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде Әнұранға құрмет танытпаған сақалды жігіттер елдің ызасын келтірді (видео)

Балалар үйі басшылығы 14 жылдан кейін ата-анасына оралған қыздың тағдыры туралы айтып берді

Қытайда туыстары қамалған қазақтардың арызы жиіледі

ІІД: Алматыда ұсталған элиталық жезөкшелер ЖОО студенттері болып шықты

Талқылау