Соңғы жаңалықтар

Түнде жұмыс істеуіме тура келді: Астанада көз жұмған бес қыздың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді (видео)

Астанада өрттен көз жұмған бес қыздың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді. Олар қайғылы жағдайдан кейін көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Түнде жұмыс істеуіме тура келді: Астанада көз жұмған бес қыздың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді (видео)

Бұрынғы мәжіліс депутаты, танымал блогер Тәңірберген Бердоңғаров Ситерлер отбасына барды. Бес баласынан айырылып қалған отбасы бүгінгі таңда көпшілікті қызықтырып отырған сұрақтарға жауап берді. Бердоңғаров сұхбаттың видеосын YouTube-тегі арнасында жариялады, деп жазады Stan.kz.

Сұхбат барысында қайтыс болған 5 қыздың әкесі Евгений Ситер сол түні қайда болғанын айтты. Ол көлік жөндеумен 20 жылдан астам уақыттан бері айналысып келеді екен.

«Мен көлікті жөндеуге алғанда, келісілген уақыт бойынша үлгермей жаттым. Екі аптаға кешіктірдім. Сондықтан түнде жұмыс істеуіме тура келді. Себебі таңертең көлікті беруім керек болды. Көліктің иесіне жолға шығу керек еді, ол күн сайын 20 мың теңге жоғалтады. Менің көлік жөндеумен айналысып жүргеніме 20 жылдан астам уақыт болды. Тұрақты клиенттерім бар», – дейді Евгений Ситер.

Белгілі болғандай отбасының 3 несиесі болған. Олардың жалпы сомасы –100 мың теңге.

Қайғылы жағдайдан кейін «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамының бастамасымен Ситерлер отбасына ақша жиналған еді. Қайғылы қазаға бей-жай қарай алмаған қазақстандықтар 13 млн теңге көлемінде ақша жинап берген. Мешіт қызметкерлері бұл ақшаға әкімдікпен бірігіп қара жамылған отбасыға үй алып беретіндерін айтқан еді.Өз сөзінде марқұм қыздардың анасы Жанымгүл Ситер бүгінде үй алу үшін келісімшартқа қол қойғандарын айтты.

«Олар келіп: «Ақшалай берейік пе, әлде пәтер сатып алуға көмектесейік пе?» – деп сұрады. Біз пәтерді таңдадық. Сатып алу-сату келісімшартына қол қойдық», – дейді Жанымгүл Ситер.

Бес баласынан бірдей айырылып, қайғыдан қан жұтып отырған ана болашағы туралы сұраққа жауап берді.

«Бала табу, жұмыс істеуге деген ниет… Келесі балаларымды да алып кетпейтініне кепіл бар ма?» – дейді ол.

Сондай-ақ, Ситерлер отбасы қазақстандықтарға көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Головкин - жақсы бизнес көзі": "Канело" үшінші жекпе-жекке келісті

Альварес: "Егер олар маған жақсы ұсыныспен келсе, біз үшінші жекпе-жек өткіземіз"

"Өзін банкрот жариялайтын уақыт жетті": Қоғамдық кеңес жаңа заң шығаруды ұсынды

Белсенділер сонда өмірден түңіліп, суицид жасайтындар азаятынын айтып отыр

Соққыға жығылған Қытай азаматтарының жағдайы бірқалыпты

Тексеріс барысында 33 Қытай азаматының көші-қон заңын бұзғанын анықтады

"Менің кабинетім үлкен емес": Еден жуған шенеунік қызметінен кетті

Әнуар Жанғозин елорданың білім басқармасына басшы болып тағайындалған күннен бастап басы даудың ортасында жүрді

Елорданы дүр сілкінткен педофил ұсталды

Педофилдің қашып кеткені туралы әлеуметтік желі арқылы білген елордалық тұрғындар дүр сілкінген

20 дана таблетка ішкізіп, алып кеткен: Шымкентте жоғалған азаматты тапты

Қайта келгенде ұлының дені сау болмаған

"Аяусыз ұрған": Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

Бірін-бірі аяусыз сабаған қыздардың не бөлісе алмай қалғаны - түсініксіз

Жас бүлдіршіннің әнін сүйемелдеген Димаш Құдайберген жұртты сүйсінтті

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин бұл туралы парақшасында жариялады

Атыраудағы сәби өлімі: Бас дәрігердің телефондағы жазбасы толық жарияланды

Немереснің тағдырын телефон арқылы шеше салған екі дәрігердің әңгімесін естігелі әжейдің ұйқысы қашқан

"Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады

Қарсы бағыттағы жүккөлігімен соғысқан жолаушылар оқиға орнында жан тапсырған
Çàãðóçêà...