Шымкентте бір топ адам жалған еңбек шартын жасап, шетелдіктерді заңсыз елге кіруге көмектескен

Видеодан скриншот
Шымкентте жалған еңбек шартын жасап, шетелдіктерді заңсыз елге кіруге көмектескендер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңдастырумен айналысқан.
Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді. Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынды.
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған арнаға қатысы бар 13 адам полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
“Ішкі істер министрлігі көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген фактісі жауапкершіліксіз қалмайтынын ескертеді. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу жұмыстары жалғасады”, – делінген хабарламада.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?