AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісіне ашуланған жігіт мұражайға кіріп, сирек кездесетін жәдігерлерді сындырып тастады

АҚШ-тың Даллас қаласында 21 жастағы Брайан Эрнандес есімді жігіт Өнер мұражайына басып кіріп, құны бес миллион доллардан асатын сирек кездесетін жәдігерлерді талқандаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біздің эрамызға дейінгі IV ғасырға жататын ежелгі грек амфорасы және біздің эрамызға дейінгі 450 жылы жасалған ежелгі грек қорабының күл талқаны шықты. Бұл экспонаттардың жалпы құны шамамен бес миллион долларға бағаланады. Сондай-ақ ер адам құны шамамен 100 мың доллар тұратын біздің дәуірімізге дейінгі 550 жылы жазылған ежелгі грек тостағанын және он мың долларға бағаланған Кэддо деп аталатын үнді тайпасының керамикалық құмырасын бүлдірді.

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, көне грек ыдыстарымен бір шыны қорапта сақталған шағын экспонаттарға да залал келген.

Тәртіпсіздік жасаған адамды мұражай күзетшісі сол жерде ұстап алып, кейін полиция шақырған. Күзетшінің сөзінше, ұсталған азамат "сүйіктісіне ашуланып, ғимаратқа кіріп, көзге көрінген жәдігерлерді бүлдіре бастағанын" айтқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр