Сүйіктісіне ашуланған жігіт мұражайға кіріп, сирек кездесетін жәдігерлерді сындырып тастады
АҚШ-тың Даллас қаласында 21 жастағы Брайан Эрнандес есімді жігіт Өнер мұражайына басып кіріп, құны бес миллион доллардан асатын сирек кездесетін жәдігерлерді талқандаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, көне грек ыдыстарымен бір шыны қорапта сақталған шағын экспонаттарға да залал келген.
Тәртіпсіздік жасаған адамды мұражай күзетшісі сол жерде ұстап алып, кейін полиция шақырған. Күзетшінің сөзінше, ұсталған азамат "сүйіктісіне ашуланып, ғимаратқа кіріп, көзге көрінген жәдігерлерді бүлдіре бастағанын" айтқан.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты