"Суретке түспек болған": ШҚО-да ер адам ағаштан құлап, ауыр жарақат алды
ШҚО-да суретке түспек болған ер адам ағаштан құлап, ауыр жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зардап шеккен ер адам достарымен орманға демалуға барған. Суретке түспек болып, биік ағашқа өрмелеп шығыпты. Бір мезетте аяғы тайып құлап, ауыр жарақат алған.
Оқиға орнындағы куәгерлер жедел жәрдем мен құтқарушыларды көмекке шақырған.
“Зардап шеккен адамға жету үшін ШҚО ТЖД құтқарушылары мен дәрігерлерге жетуі қиын жерлердің 30 шақырымын еңсеруге тура келді. Дәрігерлер 1981 жылғы ер адамға алғашқы көмек көрсетті, ал құтқарушылар оны таудан жедел жәрдем көлігіне дейін зембілмен тасымалдады”, – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Зардап шеккен ер адам медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі