Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Stan.kz ақпарат агенттігінің YouTube арнасына жазылушылар саны 200 мыңға жетті

Stan.kz ақпарат агенттігінің YouТube каналына тіркелушілердің саны 200 мыңға жетті. Бұл өзекті тақырыптарды көтеріп, оқырмандарды түрлі тақырыптармен қызықтыра білген қазақ тіліндегі ақпараттық агенттіктің әлі де биік белестерді бағындыратынының дәлелі. 

Stan.kz ақпарат агенттігі YouTube платформасына 2018 жылы тіркелген. Содан бері әлеуметтік, танымдық, саяси тақырыпта сұхбаттар мен бейнесюжеттер жариялап келеді. 

Арнамыздың тұрақты көрермендерінің басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қаласының тұрғындары. Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің азаматтары да көреді.

Редакциямыздың журналисі, YouTube арнаның жүргізушісі және сюжеттердің авторы Серікқазы Аязбаев жазылушылар санын енді 1 миллионға жеткізуді мақсат тұтады.

“Stan kz YouTube арнасы бүгінгі медиа нарықтағы, әсіресе қазақ тілінде видео контент дайындайтын арналардың арасында нағыз әмбебап арнаның бірі екенін айтқым келеді. Бұл сөзімізге келтірер дәлел де бар. Аталмыш YouTube арнада саясаттағы соңғы жаңалықтар, депуттаттармен сұхбат, қоғамда резонанс тудырған мәселелер, әлеуметтік тақырыптар, желіде жұрт назарына ілігіп, TikTok-та миллиондаған қаралым жинаған қызықты кейіпкерлер бар. Сондай-ақ тұрақты аудиториясы қалыптасты. Stan kz YouTube арнасында жарияланған бейне материалдар, репортаждардың үзіндісі бірден Instagram-дағы түрлі пабликтерге тарап, TikTok-та трендтен түспей тұр. Тек Қазақстан ғана емес, әрбір видеоның астына жазылған пікірлерге зер салсақ, кейде өзге тілдегі жазбаларды да көзіміз шалып қалып жүр. Былтыр, яғни 2023 жылы ғана YouTube табыстайтын “Күміс батырмаға” қол жеткізсек, араға бір жыл салып оқырмандар саны 200 мыңға жетіпті. Ендігі меже мен мақсат — оқырмандар санын 1 миллионға жеткізу”, – дейді Серікқазы Аязбаев.

Арнамыздың статистикасына сүйенсек, жазылушылардың көп бөлігі 55, 65 жастан асқан ересектер.

Сондай-ақ YouTube арнамызды көбіне әйелдер көреді екен. Олардың үлесі 78 пайызға тең, қалған 21 пайызы ер адамдарға тиесілі.

Stan.kz ақпараттық агенттігі Қазақстандағы қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ үздігі қатарына кіреді. Халыққа пайдалы әрі қажетті ақпарат беретін бірден-бір портал.

Айта кетейік, бір жыл бұрын портал 100 мың жазылушы жинап, YouTube платформасынан “күміс батырманы” сыйлыққа алған еді. 

Талқылау