Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Спорт министрлігі Олимпиада жүлдегерлеріне даулы оқиғадан кейін сыйақыларын берді

Фото: Stan.kz

Туризм және спорт министрлігі даулы оқиғадан кейін Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлеріне мемлекет тарапынан берілетін сыйақы төлемдерін жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

“Қазақстан Республикасы Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады.
Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер жіберілді. Барлығы 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды,” – деді министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бекітілген заңға сәйкес 2024 жылы Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарында жеңімпаз атанған спортшыларға 129,5 миллион теңге (250 мың доллар), күміс жүлде еншілегендерге 77,7 миллион теңге (150 мың доллар) және қола медальға 38,8 миллион теңге (75 мың доллар) сыйақы қарастырылған. Сондай-ақ ақшалай сыйақы 4-6 орындар алған спортшыларға, жүлдегерлердің бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларына да беріледі.

Бұған дейін бокстан Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев сыйға тартқан пәтер мен мемлекеттік сыйақының жарты жыл уақыт өтсе де әлі берілмей жатқанын айтқан еді. Спортшының бұл пікіріне Алматы қаласы әкімдігі жауап берген болатын.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 25 Сәуір, 2025 19:48
Талқылау