Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөз қайтарды". Бағлан Әбдрайымов Қайрат Нұртасты не себепті ұрғанын айтты

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында Қайрат Нұртаспен болған келеңсіз жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

©instagram.com/baglan_abdraimov_official/kair_n

Бағдарлама жүргізушісі Бағланнан Республика сарайында өткен "Алтын самұрық" байқауынан кейін болған оқиғаның жай-жапсарын сұрады.

“Бұл байқауда әншілер бір-біріне дауыс береді. Сахнаның сыртында Еркін Нұржановпен бізге дауыс беретін болып келіскенбіз. Ақтық сында Тоқтар мен Бейбіт және “Жігіттер” квартеті қалды. Негізі жеңіске біз жеткелі тұрғанбыз. Жастары да, жолдары да үлкен болғандықтан, халықтың қалауымен жеңіс Тоқтар ағамыз бен Бейбіт жеңгемізге бұйырды. Кейін сыртқа шығып, Еркінге неліктен уәдесінде тұрмағанын сұрадым. Жанымызда бірнеше әнші тұрған. Еркінге ашуланып тұрғанымда Қайрат Нұртас сөзге араласты. “Қайрош, сөзге араласпай-ақ қой” деп едім: “Не демекшісің?” деп шап етіп, сөз қайтарды. Менің түсінігімде үлкеннің аты үлкен. Біз бір жасқа үлкен болса да “сіз” деп сыйлап үйренгенбіз. Маған сөз қайтарып қоймаған соң сол жерде шапалақ тартқаным бар. Содан үнсіз қалды. Кейін Қайраттың өзі:  "Сен"-ге көшіп бара жатыр едім, қайтадан "сіз" боп қалдыңыз ғой” деп әзілдейді”, – деді әнші.

Өнер иесі өзінің бұл әрекетін “балалық” деп түсіндірді.

“Ол кезде ол да бала, мен де бала. Арақатынасымыз бұзылмады. Бәріміз жігітпіз. Кім-кімнен шапалақ жемей жатыр? Мен де 7-8 рет ұйықтап тұрғанымда, қан-қан болып арықта жатқанымды ұялмай айтып отырмын ғой”, – дейді Бағлан ағынан жарылып.

Талқылау